ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

Уақыты: 28.09.2022
Оқылды: 1581
Бөлім: РУХАНИЯТ

Көкшетау қаласында өткен дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауынан Жетісу облыстық полиция қызметкерлері жүлделі оралды.

Жылда өтетін байқауда жетісулық тәртіп сақшылары ерлік мен бірліктің, жігер мен қайсарлықтың арқасында жеңіс биігінен көрініп, байрақты тік көтеріп келеді. Бұл бәрімізді қуантатын жағдай. Байқауға биыл қатысқан Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жүлделі 2 орынға ие болды.

Екі кезеңнен тұратын жарысқа әр өңірден қатысқан 17 команда бар өнерін ортаға салып, бағын сынады. 5 адамнан құралған «Жетісу сақшылары» командасында облыстық полиция департаментіне қарасты Мәдениет орталығының басшысы Равиль Сайфулин, полиция майорлары Балғын Қариева, Қуаныш Ахметбеков, полиция капитаны Руслан Қанатбеков, полиция аға лейтенанты Нұрлан Төребеков, полиция лейтенанты Шыңғыс Асылбеков, полиция сержанты Сергей Черкасов өнер көрсетіп, біліктілігін танытты.

Республикалық деңгейде өтетін байқаудан жүлделі орынға ие болып, Жетісу облысының намысын қорғаған қызметкерлерді құттықтаған облыстық полиция департаментінің басшылығы олардың әрқайсысын «Қазақстан полициясына - 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

А.МАЛДЫБАЕВА,

Жетісу облыстық полиция департаментінің маманы