Оқушылар тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады

Уақыты: 19.05.2023
Оқылды: 2158
Бөлім: РУХАНИЯТ

Халықаралық мұражай күніне орай Талдықорғандағы №28 IT мектеп лицейінің оқушылары ата-аналарымен Мұхамеджан Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына  барды.

Мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген тың мәліметтерден құлағдар болды. Мұражай қызметкері балаларға мұражайдағы көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер туралы айтып қызықты мәліметтер туралы сыр шерті.

Оқушылар мұражай аралау сәтінде патриоттық рухқа бөленіп шықты. Оқушылар үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ.

Айта кетсек, бүгінгі күні мұражай қорын 24 524 экспонат құрайды, оның ішінде 10934 экспонат негізгі қорға жатады. Мұражай залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай, әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.  

Жұлдыз ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT
мектеп лицейінің 1 «Д» сынып жетекшісі