Қайырымдылық концерті

Уақыты: 29.01.2018
Оқылды: 1758
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Жайдарлы Жетісу» атты қайырымдылық  концерті өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармаларының ұйымдастыруымен өткен шараға «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Жетісудың өнерлі жастарының мұрындық болуымен іске асқан шараның мақсаты - балалар үйі тәрбиеленушілерінің көңілін көтеру, өмірге құлшынысын арттыру, жастардың жүрегіндегі мейрімділікіті ояту және бос уақытттарын тиімді өткізу. 
Аталған шарада әнші де биші де өнер көрсетті. Балалардың қуанышты күлкісінен қуат алған өнерпаз жігіттер аянып қалмады. Бар өнерлерін ортаға салып көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бүлдіршіндер аға-әпкелерінің өнеріне тамсанып, «менде осындай болсам екен» дегендей көздерінен нұр шашып тұрды.  Қаламыздағы жастардан құралған «Креатив» жайдарман тобының әзілдері көпшілікті қыран топан қылған-ды. Ал қолына қос ішекті домбыраны күмбірлете қаққан Ертай Әлібек көрерменнің ықыласын алды. 
Концерт соңында Алматы облысының жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Бахтияр Жақсыгелдинов «Жастар арасында мұндай байланыс орнату жақсылықтың нышаны. Бұл игілікті шараның бастамасы ғана. Алдағы науырыз айында І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында үлкен көлемде концерт ұйымдастырамыз», – деді. 

Шара соңында бүлдіршіндер өнерпаз аға-әпкелерімен естелік суретке түсті. Концерт әрмен қарай «Айналайын» балалар үйінде жалғасты.

Думан КЕҢШІЛІК