Сыйластықтың өлшемі

Уақыты: 28.02.2018
Оқылды: 1259
Бөлім: РУХАНИЯТ

 

 

 

 

 

 

 

Татулықпен аша білген түндігін,
Сыйластықпен сезетұғын сыр жүгін.
Ықылас пен мейірімді арттырған,
Алғыс айту шапағатты күн бүгін.

Ерте татып тағдырының кермегін,
Көбейгенде ауып келген елде мұң.
Ұмыта алмас мейірімін қазақтың,
Ауызынан жырып дәмін бергенін. 

Тарқау үшін кеудедегі бар мұңы,
Қолдау қылып, демеу берді барлығы.
Татулықтың биік болды тұғыры,
Тоғысқанда түрлі ұлттың тағдыры.

Өтті-кетті  небір нәубет дәуірі,
Артта қалды қиындықтың ауыры.
Түрі, тілі, ұлты басқа болғанмен,
Бәрі тату, бәрі қазақ  бауыры. 

Көтерді енді барша халық еңсені,
Еш сезілмес салқындықтың семсері.
Алғыс күні үлкен құрмет қазаққа,
Алғыс күні сыйластықтың өлшемі.

Қ. Сәбитов