Жетісудың жерінде, Талдықорғанның төрінде көңілге шуақ төгетін, бойға қуат беретін рухани шаралар керуен тартпақ.
Ең әуелі сәрсенбінің сәтті күні республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Самат Жанғазыұлы мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, жезтаңдай әнші Арафат Ысқақ дәстүрлі ән мен күйіміздің тарихынан сыр шерте отырып, ән әуелетіп, күй төгетін лекция концертін ел назарына ұсынады.
Берекелі бейсенбі күні республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Тілек Нағымбаев эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен классикалық әндер шырқап, әлемі бөлек әуендермен қауыштырады.
Жеті күннің сұлтаны саналатын жұма күні ҚР Композиторлар одағының мүшесі, композитор Мұратқан Егінбаевтың шығармашылығына арналған ІІІ Республикалық «Сәйгүлік» әншілер байқауы салтанат құрмақ.
"Жетісу-Ақпарат"