Үйдегі боран сырттан да қатты

Уақыты: 16.01.2025
Оқылды: 573
Бөлім: РУХАНИЯТ

Тілеухан Затыбаев деген бір ақын ауылдасым болды. Ара-тұра ұйтқып соққан желдей ащы суға беріліп кететіні бар. Қыстың қар борап тұрған бір күні көршісі аулаға кірсе Тілеухан жұқа киіммен екі қолымен құлағын басып ықтап тұрыпты.

Таңырқаған көршісі: 

– Ой, Тілеухан мына қатты боранда не істеп тұрсың кірсеңші үйіңе,– депті.

Сонда Тілеухан:  – Үйдегі боран сырттанда қатты болып тұр ғой, – деген екен.

 

                                                                           Айдын КӘЛІМХАН