« Қурай өсірсең болғаны... »
- Таңданатыным,саяжай тұрғызғандардың бәрі құрылысты дәретхана салудан бастайды, - дейді Әбекең кәдімгідей реніш білдіріп. – Басын қатырып қайтеді екен ?...
- Бас қатырмаудың басқа жолы бар ма?...
- Бар болғанда қандай... Дәретхананың орнына қалың қурай өсірсең болғаны. Керек кезінде қалтарысына бара бересің...
« Екі жүз теңге... »
Әбекең жол тосып тұрса ақын інісі Төлеужан машинасымен келіп тоқтай қалыпты.
- Қайда тарттыңыз, аға?
- Қарабұлақтың бер жағындағы « Мелькобинаттағы » үйіме…
- Отырыңыз, апарып тастайын….
Орта жолға таяп қалғанда Әбекең: « Әй, Төлеужан, екі жүз теңге…» депті. Мұны жолақы деп түсінген інісі:
- Керегі жоқ, аға, ұят емес пе… - деп, қатты ыңғайсызданады.
Үйіне жетіп, машинадан түскелі жатқан Әбекең тағы да: « Екі жүз теңге… » дейді.
- Әбеке - ау сізден ақша сұраған жоқпын ғой, мұныңыз қалай? – дейді Төлеужан түсін суыта.
- Сенің ақша сұрамайтыныңды білем, Төлеш…,- депті ақын ағамыз еркелей. - Ертең қалаға қайтсам… басқалар екі жүз теңгесіз апармайды ғой…
Тұрлыхан КӘРІМ
сатирик