Қазақы қалжың

Уақыты: 24.01.2025
Оқылды: 392
Бөлім: РУХАНИЯТ

                                       « Баратын жеріміз ғой... »

  Жерлесіміз, журналист, талантты сықақшы – Серік Жортанов дүниеден қайтып, соңғы сапарына шығарып салу үшін қала шетіндегі қазақ зиратына қарай  беттеп барамыз... Облыстық баспахананың бастығы Әли Ысқабайдың машинасына кілең журналист, жазушылар жайғасыппыз. Әлекеңнің ежелден « Давай, давай, тез! » деп асықтыратын әдеті бар еді. Жанындағы жүргізушісін:

           - Давай, тездет! Ана машинаның алдына түс?! – деп асықтыра бастады.

           - Әй, Әлеке құрдас, сол жаққа асықпай - ақ қойсақ қайтеді, түбі баратын жеріміз ғой... – деді ақын ағамыз - Әбен Дәуренбек сәл езу тарта.

                             Тұрлыхан КӘРІМ
сатирик