Қазақы қалжың

Уақыты: 11.02.2025
Оқылды: 638
Бөлім: РУХАНИЯТ

« Жұмыста көреді, үйде көрмейді »

- Көзім жұмыста көреді, үйде көрмейді, - деп  ақын Әбен Дәуренбеков дәрігерге шағым жасапты.

   - Көзіңіз орнында, - дейді емдеуші қайта - қайта қарап.

- Көзілдірігіңізді тексертіңіз?..

   - Бекер  медик боласың ба, "диагнозың" дұрыс екен, - деп екі күннен кейін оралған ол дәрігерге. – Жұмыстағы көзілдірігімде әйнек бар, үйдегісінде жоқ екен, –депті.

Тұрлыхан КӘРІМ