Өнердің дара тұлғасы

Уақыты: 17.06.2018
Оқылды: 935
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жер жаннаты Жетісу өңірінде туып, киелі өнерді жанына серік еткен қайталанбас тұлға Қанабек Байсейітовтің шығармашылығына орай «Өнер қонған дарын иесі» атты еске алу кеші өтті.

Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, әйгілі «Тақиялы періште» фильмінің кейіпкері Ә. Райымбеков, Қ. Байсейітов ауылының тұрғыны Т. Сембаева,  ҚР Мәдениет қайраткері Т. Алшабеков, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры Ә. Адырбаев, әнші А. Қармысов  қатысты.
Кеш барысында Қ. Байсейітовтің өмірі мен өнерінен жан-жақты мағлұмат беріліп, оның сөзіне жазылған «Ақтамақ», «Ақерке», «Жетісу» әндері шырқалды. Кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері Қ. Байсейітовтің шығармашалығы мен адами бейнесін еске ала отырып,  оның бойындағы табиғи талантын, қабілеті мен күш-жігерін ұлттық сахна өнерінің өсіп-өркендеуіне сарқа жұмсағандығын айтып өтті. Көрсетілген  бейнесюжет арқылы ұзақ жылдар бойы Абай атындағы опера және балет театрының жетекші солисі ретінде ойнаған  образдары  Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Айман-Шолпан»  операларындағы Төлеген, Тарғын және Сүгір, Әлібек рольдерін нақышына келтіре  орындағаны  және Киршон, Погодин, тағы басқа да автордың драмалық шығармаларын қазақ тіліне аударғаны туралы құнды деректерден құлағдар болды. 
Одан кейін өлкесінің шырайын келтірген өнер қонған дарын иесі Қанабек Байсейітов атымен аталатын киелі өнер ордасы саз колледжінің жастары шағын музыкалық бағдарламасын ұсынды.

Ш. Сүлейменова,
С. Сейфуллин атындағы  облыстық әмбебап
 кітапханасының
қызметкері