БАЛАҢЫЗҒА "СІЗ" ДЕП СӨЙЛЕУДІ ҮЙРЕТІҢІЗ

Уақыты: 11.03.2019
Оқылды: 1463
Бөлім: РУХАНИЯТ

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бүгінгі меңгерген білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

 

Мектепке дейінгі білім беруде заманауи әдістерді тәрбиемен ұштастыра қолдану маңызды.  Өйткені, тәрбие мен білім – егіз. Ал білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – баланың жанын ұғатын, кәсіби деңгейі жоғары тәрбиешілердің еншісінде.

Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығу үстінде. Балалардың тілін дамытуда, логикалық және креативті ойлауға бағыттауда жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолданудамыз. Себебі, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың білім алуға деген ынтасын арттырады.

Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрге баулу, мақал-мәтелдерді құлағына сіңіру, жақсы өнеге, тәртіпті әдет-дағдысына айналдыру өте маңызды. Біз өз жұмысымызда осыны негізге аламыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер»  демекші, балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» сынды сыпайылықты білдіретін сөздерді айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-ананың және біздің міндетіміз. Баланы жастайынан ізеттілікке баулу, оның есейгенде сыпайы әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұнда балалардың қабілеті ерте жастан дамиды. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше, мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамту тәрбиешілердің басты мақсаты болып қала бермек. 

Айгүл ҚАРАУЫЛОВА, 
құрама үлгідегі №1 ясли-балабақшасының тәрбиешісі
Талдықорған қаласы