ТАЛДЫҚОРҒАН: КОФЕХАНАДА КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 29.05.2019
Оқылды: 3072
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласының кәсіпкері Дробина Ольга «Монмартре» кофеханасында «Кітап бұрышын» ашты. Кәсіпкердің айтуы бойынша, аталмыш кітап бұрышын парасаттылық пен адалдық қағидаларын қалыптастырудың акциясы деп есептеуге болады.

Бұл өз кезегінде әрқайсымызды адалдыққа, мейірімділікке және жаңа білім мен оң өзгерістерге ұмтылуға үйретеді. Өйткені, парасаттылық пен адалдық осындай кішкентай өзгерістерден басталады, сондықтан бұл бағыттағы жұмысты қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетінен, оқу мәдениетінен бастауымыз керек.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бұл іс-шараны қолдап, «Монмартре» кофеханасының рухани бұрышқа бірқатар кітап қалдырды.

Құрметті Талдықорған тұрғындары, егер халық арасында парасаттылық, әдеп, мәдениеттілік қағидаларын қалыптастыру үшін өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, сіздер де осындай кішкентай өзгерістерден бастай аласыз және үйіңізде жатқан кез-келген кітабыңызды әкеліп басқасына ауыстыруға мүмкіндігіңіз бар.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті парасат пен адалдық қағидаларын қалыптастыру бойынша жұмыстарын тек өз ішінде ғана емес, сондай-ақ, қоғамдық ортада да жүргізуде. Себебі, қоғам мемлекеттік қызмет туралы пікір қалыптастырып, баға бере алады. Сондықтан, мемлекеттік органдардың азаматтық сектормен, оның ішінде, бизнес-сектормен өзара ынтымақтастығы зор маңызға ие.

Еуропа елдерінде оқу мәдениеті жоғары деңгейде дамығаны туралы әрқайсымыз білетін шығармыз. Дегенмен, шет елдерде адамдар кітаптарды кез келген жерде оқи береді. Онда "Біздің елімізде оқу мәдениеті Еуропа елдеріндегі сияқты неге жоғары дамымаған?" деген сұрақ туындайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"