БЕС МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН ЖЫЛҚЫНЫ ҮЙРЕТТІК

Уақыты: 29.05.2019
Оқылды: 1665
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға өз елінің патриоты болып, дүниежүзіне танылудың жолдарын кеңінен меңгеруге шақырды.

Ұлан-байтақ қазақ жерінде осыдан бес мың жыл бұрын «Ботай» қонысынан жабайы жылқыны қолға үйретіп, өз кәдесіне, елі мен жерін қорғауға алғаш пайдаланғаны туралы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында Ұлт Көшбасшысы айтқан болатын. Міне, осыдан-ақ Елбасы жастарды еңбек етуге шақырғанын аңғарамыз. Демек, еңбекпен ғана жетістікке, биік белеске жету керектігін ұмытпағанымыз жөн.

Арғы тегіміздің көшпенділер екенін жастарға айту, насихаттау – аға буын өкілдерінің негізгі міндеті мен парызы. Қазіргі кезде саясатта, өнерде, спортта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосып жүрген даңқты жастар көп. Мәселен, қаршадай ғана Димаш Құдайбергеннің өзі күллі әлемді мойындатып келеді. Ол біз үшін үлкен мақтаныш. Спорт саласында Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Юлия Галышева сияқты мықтыларымыз Көк Туымызды желбіретіп, Гимнімізді алпауыт мемлекеттер алдында асқақтата шырқағаны жанымызды жадыратып, кеудені қуанышқа толтырады.

Қорыта айтқанда, еліміздің болашағы жастардың қолында. Оларға бүгінгі таңда көрсетілген мемлекеттік деңгейдегі көмек пен құрмет болашағымызға деген алтын баспалдақ екені анық. Мұны әрбір ата-ана мен  жеткіншек  ұрпақ сезініп  қана  қоймай,  бойына  сіңіруі  қажет.

Жәмилә ҚОЖАХАНОВА,

«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Панфилов аудандық  филиалының директоры

Сурет ғаламтордан алынды