ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ: ЖАҺАНДЫҚ САЙЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Уақыты: 31.07.2019
Оқылды: 1123
Бөлім: РУХАНИЯТ

Халықаралық түркі елдерінің ІV Қырғыз-Қазақ фестивалі Алатаудың ар жағында өтті.

Бұл фестивальға Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркімкенстан, Әзірбайжан, Монғолия, Иран, Қытай, Үндістан, Ауғанстан елдерінен, сондай-ақ, Ресейдің Якутия, Тыва Республикасынан 300-ге жуық өнерпаз жиналды. Өнер сайысында әр мемлекеттен келген сайыпқырандар түрлі жанр бойынша бақ сынасты.

Қазақ елінің намысын бірнеше өнерпаз қорғады. Соның ішінде, жер жаннаты Жетісудың перзенті, әулиелер мекені атанған киелі Қаратал ауданының мақтанышы Дәурен Берікболов эстрада жанры бойынша жүлделі екінші орынның тұғырынан көрініп, лауреат атағын иеленіп қайтты. Еліміздің атағын шығарған өнерпазды шын жүректен құттықтай отырып, қанатың талмасын, қадамың сәтті болсын, еңбегің жана берсін деген ақеділ тілегімізді арнаймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"