"СІЗ ХАЛҚЫМЫЗҒА КЕРЕКСІЗ": МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АБЫЗ ЖАЗУШЫҒА "АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ" ТАҚТЫ

Уақыты: 30.10.2019
Оқылды: 1093
Бөлім: РУХАНИЯТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» ерекшелік белгісін табыстады.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті. Президент көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойына орай еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті. "Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"