ҮШ ТІЛДЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ: ӘСКЕРИЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖУРНАЛ

Уақыты: 24.11.2019
Оқылды: 906
Бөлім: РУХАНИЯТ

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының «РжБӘИИ ғылыми жұмыстары» атты ғылыми-техникалық журналы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енді.

Ғылыми-техникалық сараптама рәсімдерінен кейін ғылыми басылым аттестаттаудан өтіп, ҚР БҒМ жанындағы комитеттің арнайы ғылыми басылымдар реестріне қосылды. «Білім, ғылым және технологияларды дәріптеу мақсатында 2010 жылы институт өзінің ғылыми-техникалық журналын ашып, Ақпарат министрлігіне тіркеген еліміздегі алғашқы әскери оқу орны болып табылады»,- дейді аталмыш әскери ЖОО бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Осындай ғылыми дәрежені иелену ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға ғылым мен техниканы дамытудың өзекті тақырыбында ғылыми мақалалар жариялауға мүмкіндік береді.

Басылым тоқсанына бір рет шығады және түрлі бөлімдерден тұрады, оған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланатын материалдар қабылданады. Редакторлық алқа құрамында Қазақстан мен шетелдің ғалымдары бар.

Журналда жарияланған мақалалар кез-келген адамға қолжетімді, олар әскери институттың viires.kz ресми сайтында да жарияланады.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Алматы қаласы