ФОРУМ: ӘЙГІЛІ ҰЙҒЫР АНСАМБЛІНЕ 50 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Уақыты: 15.12.2019
Оқылды: 943
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласындағы Достық үйінде «Рухани жаңғыру – Тәуелсіз Қазақстанның тарихи ұстанымы» атты облыстық форумы  өтті.

Форумға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, этномәдени бірлестіктердің, аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, бастауыш партия ұйымының, кітапханалардың, әскери бөлімнің өкілдері қатысты.

Жиында Ғабит Тұрсынбайұлы баяндама жасап, шараның маңыздылығын сөз етті. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе директорының орынбасары Бағдат Науқанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Закиржан Кузиев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Назгүл Байғабатова ойларын ортаға салды.

Биыл «Шатлық» халықтық ән және би ансамбліне 50 жыл толды. Форум аясында «Шатлық» ансамблінің концерттік нөмірлері ұсынылып, ұйғыр этномәдени орталығының ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Алматы облысы