ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ТӨРТ ОҚУШЫҒА АҚШ ПЕН ГОНКОНГТАН ШАҚЫРТУ ТҮСТІ

Уақыты: 29.04.2020
Оқылды: 1135
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерасыл Дәулетбак АҚШ университеттері мен колледждерге 5 шақырту алды. Арлингтондағы Техас университеті, Техастың Оңтүстік Методист университеті, Ричленд Комьюнити колледжі, Брукхейвен колледжі және Коллин колледжі Ерасылға жартылай шәкіртақы ұсынып отыр.

Ерасыл информатика және компьютерлік технологиялар факультетінде оқуды жоспарлауда. Бағдарламалау тілі болашақ программисті әрқашан қызықтыратын. Сайттарды, мобильді қосымшаларды, компьютерлік графика мен дизайнды құрудың алғашқы негіздері оны осы салада дамуға құштарландырды.

АҚШ-тың «Pace University» университеті Ернар Өмірзақов пен Әлима Батырқанды да қуантты. Олар оқу ақысына 50% жеңілдік пен университеттің қаржылық көмегіне ие болды.

PACE University - Нью-Йоркте орналасқан әйгілі және беделді университеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда мұнда әлемнің әр түкпірінен келген 13000-нан астам адам білім алуда.

Гонконг қалалық университетінен Әйгерім Тәңірбергеноваға да шақыру хаты келді. Әйгерім биотехнология немесе биоинженерия саласында оқуға ниетті. Әйгерімнің таңдауы айқын, өйткені, ол биология саласындағы көптеген ғылыми жобалардың жеңімпазы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"