"ҮМІТТЕНЕМІН": ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ ЖАҢА БЕЙНЕБАЯНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Уақыты: 02.05.2020
Оқылды: 764
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстандық танымал әнші, ұлт мақтанышы Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны мен әні жарық көрді.

Қуанышты жаңалықпен әнші өзінің ресми әлеуметтік парақшасында бөліскен. Жаңа ән «Across Endless Dimensions» (Шексіз өлшемдер арқылы) деп аталады. Оның сөзін Antonella Maggio, ал әуенін - Piergiuseppe Zaia жазған. Жаңа туындының толық нұсқасы You-Tube арнасына жүктелді. "Қымбатты достар! Жаңа музыкалық бейнебаянымның ресми тұсаукесері болады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін", - деді әнші желі парақшасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"