ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 23.06.2020
Оқылды: 2214
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстан Журналистер одағының 2020 жылғы сыйлығының лауреаттары белгілі болды. Бұл туралы "ҚазТАГ" хабарлады. Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

Репортерлік жұмыс – Волошина Екатерина, солтүстік-қазақстандық аудандық «Айыртауские зори» газетінің тілшісі – өңірдегі қоғамдық-саяси жаңалықтарды шұғыл таратып отырғаны үшін;

Мерейтойлық күн – Қалиев Санат, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі – Ұлы Отан соғысындағы жерлес-батырлар туралы Жеңістің 75 жылдығына арналған деректі очерктер;

Ізденіс материалы – Ельдесов Дастан, «Қазақ Yнi» ақпараттық-талдамалы порталы редакциясының меңгерушісі – қазақ тілін дамыту туралы мақалалар топтамасы үшін;

Телевизиялық жұмыс - Көбеева Гүлбагда, журналист столичного бюро телекомпании «КТК» телекомпаниясының елордадағы бюросының журналисі, өзекті тақырыптарға арналған телесюжет топтамaсын шығармашылықпен жеткізу;

Журналистік зерттеу – Жалдинов Асқар, «Время» республикалық газетінің Астанадағы бюросының бастығы – бұған дейін белгісіз болған деректер мен куәліктерді іздестіріп, оларға «Вне протокола. О тайнах громких преступлений в Казахстане» кітабында талдау жасағаны үшін;

Ғылыми-танымал жұмыс – Потапов Станислав, «Есік» қорық-мұражайының ғылыми қызметкері – «Уақыт киіз үйі. Көшпелі өркениет ерекшеліктері» («Юрта времени. Особенности кочевой цивилизации») видеофильмі үшін;

Зерттеу жұмысы – Есболат Айдабосын – «Жетiсу» телеарнасының жаңалықтар қызметінің жетекшісі - «Қателiк» авторлық бағдарламасы үшін;

Радиожұмыс – Янгибаева Нуржамал, Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының жүргізушісі – «Шығыс жұлдыздары» ұлы ойшыл-ғалымдар туралы радиохабар томтамасы үшін;

Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» Атырау газеті редакциясының басылымның негізін қалаушы Әбділдә Мұқашев атындағы ортақ сыйлықпен Астаналық журналист Қоскина Айнұр марапатталды.

Баспасөздің дамуына қосқан зор үлестері мен ерен еңбектері үшін келесі журналистер Қазақстанның құрметті журналисі атағына ие болды: Әлібай Сапарғали (Жамбыл облысы), Батырханова Сағат (Қарағанды облысы), Биркле Сергей (Қостанай облысы), Воронько Ольга (Павлодар облысы), Губанов Вячеслав (Ақмола облысы), Елубай Оңдасын (Шығыс Қазақстан облысы), Қадықов Берікбай (Алматы облысы), Курманкина Назира (Солтүстік Қазақстан облысы), Мыңжас Темір (Маңғыстау облысы), Рахманқұлов Әбдімәлік (Түркістан облысы), Сақтапов Мұхтар (Қцызылорда облысы), Сисенбердиев Әбдіхалық (Атырау облысы), Сыиқова Роза (Батыс Қазақстан облысы), Суюнов Есенгелды (Астана), Табеев Қайым-Мұнар (Алматы), Тәжиев Оңғар (Шымкент), Өтеміс Рахымжан (Ақтөбе облысы).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан