ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЙДЫ

Уақыты: 23.07.2020
Оқылды: 1311
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында "Адалдық сағаты" жалпы республикалық бірыңғай акциясы өтуде.


Дәстүрлі тоқсан сайын өткізілетін "Адалдық сағаты" акциясының бұл жолғы өз ерекшелігі бар.

Біріншіден, биыл  елімізде бүкіл әлем мойындаған ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Ол өз шығармаларында, соның ішінде "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат" атты еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік туралы ойды қозғады.

Екіншіден, карантин жағдайында бұл акция онлайн форматта өтеді.

Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісілген "Адалдық сағаты" бейне-сабағы республикалық телеарналардың эфирінен көрсетілуде. Сонымен қатар, бейнедәрістер агенттіктің "Youtube" арнасында, аумақтық департаменттің және "JETISY - ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Онлайн форматта өтіп жатқан іс-шара қоғамның кең қолдауына ие болды.

Бейнедәрістің онлайн-трансляциясы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігі болды. Сондай-ақ, жастардың бойына тек терең білімнің ғана емес, сонымен қатар ұлы тұлғалардың еңбектерінің призмасы арқылы адам құндылықтарының маңыздылығын сіңіру басты мәселе болып табылады.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша департементі