ҮКІМЕТ: 500 МЫҢ ОҚУШЫ ТЕГІН КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Уақыты: 04.08.2020
Оқылды: 2254
Бөлім: РУХАНИЯТ

Премьер-Министр Асқар МАМИН жаңа оқу жылына қатысты министрліктерге тапсырма жүктеді. 

- Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек, - деді А.Мамин Үкімет отырысында.

Бұл жайында Үкімет отырысынан "Қазақпарат" тілшісі мәлімдеді.

Асқар Маминнің сөзіне қарағанда, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді. «Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын», - деді Үкімет басшысы. Ал Білім және ғылым министрі бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар да ашылатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібі түсіндірілді.

Сурет - ғаламтордан