"САПАЛЫ, ТИІМДІ, ҚОЛЖЕТІМДІ": ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?

Уақыты: 08.08.2020
Оқылды: 1276
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері болып табылады. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи техноголиялар мыңдаған километр бөліп тұрған оқушы мен оқытушы арасын байланысырушы болып табылады.

Өзіміз білетіндей, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға білім беру қашықтықтан оқыту негізінде жүзеге асырылып жатыр. Олай болса қашықтықтан оқыту ол ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы болып табылады. Қашықтықтан оқытуды екі компонент жүзеге асырылады. Оның бірі оқытуды басқару, екіншісі өз бетімен білім алу. Өздеріңізге мәлім оқытуды басқару мұғалім тарапынан жүзеге асырылады, өз бетімен білім алу ол үйде отырған өзіміздің оқушыларымыз.

Әрине, олар біздің беріп жатқан білімдерімізді, біздің ұйымдастырып жатқан оқулармен өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Қашықтықтан оқытудың екі негізгі бөлікке бөлуге болады. Олар техникалық және дидактикалық. Олардың құралдары телекоммуникация аудио, видео жазбалар ауқымды компьютерлік жүйелер болып табылады.

2020 жылдың 27 шілдесінен бастап Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ ПШО «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде ашық онлайн курстарын stepiк плотформасында барлық пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін өткізілді. Аталған курстарға барлық мектеп мұғалімдерінің 93 пайызы қатысты.

Білім берудің жаңа бағдарламамен оқыту жүйесін жүзеге асыруда барлық пән мұғалімдері кезең-кезеңімен білімдерін жетілдіргені естеріңізде болар. Дәл сол сияқты қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың екінші кезеңі жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында жалғасатыны анық болып отырғандықтан,тың дайындықтардан өтуді жүйенің өзі талап етуде.

Педагогикалық шеберлік орталығының ашық онлайн курстары қазақ және орыс тілдерінде мұғалімдер үшін және ата-аналар үшін ұйымдастырылып отыр. Мұғалімдер үшін «Қашықтықтан оқытуды үйренудемін» тақырыптарында жүргізілді. Ашық онлайн курс stepiк платформасы арқылы жүзеге асырылды.Онлайн- курстың  мұғалімдер үшін маңызы зор болды. Себебі, өткен оқу жылының соңында жүзеге асырылған қашықтан оқыту жүйесіндегі қиыншылықтар мен кедергілердің орын алмауы үшін әр модуль тақырыптарында  нақты сан сауалға жауап алуға және електен өткен әдістемелік көмек көрсету қарастырылған.

Курс ұзақтығы - 40 академиялық сағат (1 апта). Асинхронды, яғни, тыңдаушылардың оқу уақытын тыңдауына мүмкіндік беретін форматта өттті. Онлай курстың әрбір тақырыбы мұғалімдердің өз бетінше оқуына арналған өзекті мәліметтерді толық қанды қамтып отырды. Аталған онлайн курс 2020 жылдың 27 шілдесінде бекітілген кестеге сай тегін оқу мүмкіндігімен іске қосылды.

Онлайн курс тыңдаушылары жылдам тіркеле отырып, курсты толық аяқтап,қажетті балл жинағанда сертификат алу мүмкіндігіне ие болды.  Әр модельді сәтті өткенде ғана курсты аяқтау мүмкіндігі бар. Қолданушылардың өз нәтежиесін қайта жақсартуына және сертификатты балл көрсетілген сертификатпен алмастырып, жаңалау мүмкіндігін де жасай алды.

Сертификаттар FDF тұрақты сілтемесімен электронды түрде берілді. Онлайн курста оқыту кезінде педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу мақсатында талдау жүргізіп, әр модульден кейін тыңдаушылардың сұрақтары бойынша кері байланыста болу мүмкіндігіне қол жеткізе алды. Мұғалім қаламды қалай пайдаланып жаза алатын болса, интернет платформаларымен жұмыс жүргізуде дәл солай жолға қою үшін дайындықты бүгіннен бастап, барлық мүмкіндіктерді қолжетімді түрде нақтылап алғанда ғана кедергілерді жеңе аламыз деп нық сеніммен айтуға болады.

"Ізденген жетер мұратқа" демекші, барша ұстаздар қауымы күнделікті болатын өзгерістерге дайын болуымыздың өзі бүгінгі күннің талабынан туындайтыны баршамызға түсінікті.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту арқылы білім беру кеңістігінде оқыту жүйесін сапалы, тиімді, қолжетімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Қашықтықтан оқытудың тиімді әдістемесін қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді, оқытудың жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі, тың деректер мен материалдар қолданылады.

Гүлвира ЖҮНІСБАЕВА,

Кербұлақ аудандық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының аға әдіскері

Сурет - ғаламтордан