АҚСУ АУДАНЫНДАҒЫ БЕС МЕКТЕПКЕ ШАҒЫН АВТОБУСТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1353
Бөлім: РУХАНИЯТ

Ақсу ауданындағы 5 мектепке оқушы тасымалдау үшін шағын автобустар берілді. Су жаңа "ГАЗель" автокөлігінің  кілтін табыстауға арналған шара Е.Сиқымов атындағы орта мектепте  өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Есім Базарханов, білім бөлімінің басшысы Бегімбек Рамазанов қатысты. Оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау басты мәселе, осы орайда облыстық бюджеттен бөлінген 52 млн.121 мың теңге қаражатқа 18 орындық шағын автобустар сатып алынғанын жеткізген аудан әкімі мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Е.Сиқымов, Ж.Сыдықов, Қызылағаш ауылындағы І.Жансүгіров, Абай атындағы орта білім ошақтары мен Мамания мектебі директорларына жаңа автокөлік кілтін табысталды.

Шара соңында Ақсу ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амантай Айтбаев бата берді.

Жалпы ауданда 41 орта мектеп бар. Бес елді мекенге 71 оқушы тасымалданып оқиды. Жаңа көліктер осы оқушылардың игілігі үшін қызмет етпек.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Ақсу ауданы

Алматы облысы