ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ҮШ ОҚУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 16.11.2020
Оқылды: 1235
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Кел, ертегі суретін саламыз!» атты халықаралық суреттер мен ертегілер байқауының жүлдегері атанды.

Байқаудың ұйымдастырушылары - «Медициналық ғылыми қоғам» қоғамдық бірлестігі. Биыл суреттер мен ертегілер фестивалі төртінші рет өткізілуде, биылғы жылдың тақырыбы - «Біздің болашағымыздың планетасы».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық байқау оқушыларға сирек кездесетін және ауыр аурулары бар балаларды қолдау мақсатында иллюстрацияланған ертегілер жинағын шығаруға үлес қосуға мүмкіндік береді. Конкурстың нәтижесі бойынша үздік ертегіге арнайы қойылым қойылады, оның басты кейіпкерлері ауыр сырқаттармен ауыратын балалар болады.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әділқазылар алқасына ертегілер мен астарлы әңгімелер стиліндегі шығармаларды ұсына отырып, жазу байқауына қатысты.

8-сынып оқушысы Каримова Айяның ертегісі 1 орынға ие болды. 4-сынып оқушысы Сабина Болатаева шытырман оқиғалы ертегі ұсынып, шығармашылық фестивальдің ең жас қатысушыларының бірі болып танылды. Оның жұмысы үшінші орынға ие болды. 8-сынып оқушысы Айзере Сансызбаеваның ертегісі II орын алды.

- Бүгінгі таңда балалар үшін тек оқуды ғана емес, сонымен қатар, өз ойларын, эмоцияларын сөз, сурет арқылы жеткізуді үйрену өте маңызды. Бұл жолғы сайыста талдықорғандық оқушылар ерекшеленді. Көптеген жұмыс келіп түсті. Айзеренің «Мак Феникса» ерекше атауымен жазылған ертегісі ерекше назар аударуға тұрарлық, жазушының шығармашылығы өзінің жасына қарамастан әдеби түрде жазылған, - деп Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ ПЕН-клубының вице-президенті, «Әдеби Алма-Ата» альманағының бас редакторы Фархат Тамендаров өз пікірімен бөлісті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"