ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАҒАН АҚЫНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 01.12.2020
Оқылды: 1118
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Панфилов аудандық филиалының қызметкерлері және Жастар кеңесінің мүшелері бірлесе отырып «Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұрағы» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізді.

Ақындар байқауының марапаттау салтанаты Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өтті. Жас ақындар мүшәйрасының аудандық іріктеу кезеңінде Абай атындағы орта мектептің жас маманы Ұлдана Бегімбекова І орын иегері деп танылды. Өз кезегінде Кішішыған орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Талғат Әлімжанов ІІ орын, Айдарлы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әсел Алиева ІІІ орын алды. Басқа қатысушылар белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы М.Тұрлыбеков марапаттарды табыстап, жыр жазатын жас ұстаздарға жақсы тілегін білдірді.

Жалынды жыр жазып, жас ақындар мүшәйрасында топ жарған ақын ережеге сәйкес облыстық байқауға жолдама алды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы

Алматы облысы