БАЛАБАҚША - БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Уақыты: 09.12.2020
Оқылды: 3207
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек, ешқашан қателеспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­ әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған. Бала­бақшаларда балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Себебі, қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілердің­ ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілін, логикалық ой­лау­­ды,­ дү­­ние­танымды дамытуға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені, осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Сондықтан, осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.

Роза АТАМҚҰЛОВА,

Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан