ҚАТЫСЫҢЫЗ: КІТАПҚҰМАРЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 09.12.2020
Оқылды: 2363
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс тұрғындарын «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауына қатысуға шақырады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Аталмыш жобаға үш буын өкілдері қатыса алады: жоғары сынып  (9, 10, 11 сынып) оқушылары, студенттер, жастар және ересек адамдар.

"Артық білім – кітапта" деп Абай атамыз айтқандай, сіз, жобаға қатысып, жүлдегер атанып қоймай, кітап оқып, сөздік қорыңызды молайтып, ой-өрісіңізді, білім көкжиегіңізді кеңейтесіз!

Жүлдегерлерге планшеттермен бірге бағалы кітаптар беріледі. Ол үшін басқарма сайтында (үстінен басыңыз) және әлеуметтік желілерінде көрсетілген ережемен таныс болыңыз. Байқау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаи. Құнды қазынаға кенеліп, жаныңызға азық болар жақсы кітаптан құр қалмаңыз, жетісулық оқырман!

Байланыс телефондары: 8(7282)400160, 8 702 988 08 65. Электронды мекенжай: aotil5@mail.ru

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"