2021 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді. Кімнің жоғары оқу орнына түскені туралы мәліметті көру үшін мына сілтемеге өтуіңізге болады. Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орын...
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуықажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Азаттықтың ақ таңы арайлап...
Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауының бірінде: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер – тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Жұмыла жеткен жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойлары...
Үш тілді білім берудегі мақсат – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Ол арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, оқушыларды өмірге даярлау міндеттеледі. Тіл – жүректің үні ғана емес, еліміздің өткені мен келешегі. Ана тіліміз арқылы біз ұлтт...
Тәуелсіздік – бабаларымыздың аңсаған асқақ арманы, бүгінгі ұрпақтың маңдайдағы бағы. Бір ғана сөздің астарында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы төккен тері мен қаншама боздақтардың көз жасы жатыр десеңізші?! Еліміз еркіндікке қол жеткізгеніне 30 жыл толады. Отыз жыл ішінде бағындырған асула...
Бүгінгі таңда сабақ барысында кері байланысты қолданудың маңызы өте зор. Өйткені, мұғалім де, оқушы да сабақтағы екі жақты өзара іс-әрекеттің нәтижесін кері байланыс арқылы біле алады. Ал көптеген мұғалім кері байланыс орнатуда қиналады және қателіктер жіберіп жатады. Парақшаларды жинап алып, нәтиже...
Кеген ауданы, Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы орта мектепті 1981 жылы бітірген түлектердің 40 жылдық кездесуі өтті. Көк аспанға бой тіреген ақ қарлы Алатаудың етегінде көрікті Көлсайдың мөлдіреген суын ішіп, ауасының тұнығын жұтыпөскен ұлдар мен қыздар қырық жылдан кейін бас қосты. «Ке...
Телегет байдың баласы Күнқуардың талантымен адамзатты тамсантар асып та, тасып та туған асыл перзенті Мұқалидың әдепкіде жан досы Шыңғысханның бірінші түменінің тізгінін ұстап, әскерінің сол қанатын (түркілерде ең негізгі) басқарып, тоғыз өрліктің сөз ұстарына айналғаны аян! Шайқаста ешқашан жеңіліп...
Бүгін қазақ руханиятына қызмет еткен қос қаламгерден айырылып қалдық. Әлеуметтік желі танымал драматург, кинорежиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев пен белгілі әдебиетші, жазушы Аягүл Мантайды жоқтаған жазбаларға толды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады. Болат Атабаев 1952 жылы Алматы облысы...
Кітапханада том-том кітап тізіліп тұрғанымен, кейде оқырмандар іздеген құнды дүниелердің табылмай жататыны бар. Осындай қажеттілікті қамтамасыз ету үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы жыл сайын «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын үзбей өткізіп келеді. Шара аясында кітап...