ОЖДАН (Отан туралы ода)

Уақыты: 07.05.2019
Оқылды: 2420
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Кие өзегі – Күлтегін!
Көк сүңгімді зеңгір асты сілтедім.
Уысында жарты әлемді ұстаған 
Күркірі зұлмат түркі едім.

Әр баласы – оқ жоныған оғланы, 
Әр оғланы – қалқан төсті қорғаны. 
Уа, салқар да салқар, қасиетті жазирам,
Кеудеңе ұжымақ орнады:
Алаш – Алаш болғалы.

Мөде шахтай тоқым жерге жан құрбан,
Ұлы Шыңғыс – намыс отым шарпылған.
Қыран ұшқан шың-қияда сомдалып,
Рухымды қайта оятқам шаңқылдан.

Жанарымда жарық ғалам паң күліп,
Аспан-жерде Алаш үні жаңғырып.
Шежіремді найза ұшымен мөрлегем, 
Ел болам деп Мәңгілік!

Әлем билеп, айға қолым созбадым, 
Аруағымды алты қырдан қозғадым. 
Жерім менің – ұлан-ғайыр жүрегім, 
Ал Отаным – оғлан намыс, ожданым!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ