ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ТІЛЕК: "ЖАННАТ-БАҚТА БОЛСА ЕКЕН АРЫСТАРЫМ!"

Уақыты: 31.05.2019
Оқылды: 1830
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

"ХХ ғасыр - таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры!"
Дінмұхамед ҚОНАЕВ

БҮГІН - ҚАРАЛЫ КҮН!
Ит талаған қасқырдай жаралымын!
Жаза алады сыздаған жараны кім?!
Тілін тапсаң, тастар да сыр айтады,
Тілін тапсаң, айтады дала мұңын.
Шашылған сүйектер де сөйлеп кетсе,
Қасіреттің естисіз қаралы үнін.
Қолдан жасап аштықты қанішерлер,
(Бастаған жан төзгісіз жаман ырым).
Өлген ана.
Емшегін сорған бала,
Елестесе торлайды сананы мұң.
Шашылған өліктерден тоят тапқан,
Қаңқылдап қарға-құзғын қара құрым.
Ұмытпа, ұрпақ, осынау қасіретті,
ҰМЫТПА, ҰРПАҚ, ҰЛТЫҢНЫҢ НАЛА-МҰҢЫН!

АРЫСТАРЫМ!
Шар болатқа қайраған намыстарын.
Ақиқатты ту етіп өздеріңдей,
Қарсы жүзе алады ағысқа кім?!
Қадір түні бүгінгі қабыл етсін,
Құран оқып, дұғамды бағыштадым.
Жан-жағыңды жаннат бақ қоршасын деп,
Аруағыңды Аллаға табыстадым!
ЖАННАТ-БАҚТА БОЛСА ЕКЕН АРЫСТАРЫМ!

Жұматай ӘМІРЕЕВ

"Facebook" парақшасынан алынды