Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ӨЛЕҢ ОҚЫҢЫЗ: "АНА, СЕНІҢ АЛДЫҢДА АЛАСАМЫЗ ҚАШАНДА!"

Уақыты: 09.03.2020
Оқылды: 416

Тағдыр салған әжімдей,
Салмағын-ай ғасырдың.
Хан біткеннің тәжіндей,
Алдыңа кеп бас ұрдым.

Бас ұрдым да, тәу еттім,
Қайта оралдым қасыңа.
Қырман-қырман бау ектім,
Ана, сенің жасыңа.

Жемісіндей бақтардың,
Жайқалады жаның шын.
Көңілімді ақтардым,
Арым, бағым, барымсың.

Қашықтасын қайғы-мұң,
Арайлы атар таң, білем.
Асқақтаса айбыным,
Атыңды айтам алдымен.

Не құдірет бар мұнда?
Масайраймын тасаңда.
Ана, сенің алдыңда,
Аласамыз қашанда.

Мәулен ӘНЕРБАЙ