ҚАТЫСЫҢЫЗ: ТЕЗЕК ТӨРЕНІҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ

Уақыты: 03.10.2020
Оқылды: 1985
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Тезек төренің 200 жылдығына және репрессия құрбаны Құдиярхан Тезековтің 150 жылдығына арналған жазба ақындар арасында облыстық мүшәйра ұйымдастырады.

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Мүшәйра қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылғы қараша айында Талдықорған қаласында нақты мекенжайын алдын ала келісу арқылы өткізіледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның мақсаты:

- Тезек төренің 200 жылдығына және репрессия құрбаны Құдиярхан Тезековтің 150 жылдығына өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау, олардың ұлт үшін жасаған еңбектерін, шығармашылығын,  қоғамдағы жарқын істерін поэзияның өрнекті тілімен насихаттау, сол арқылы жастарды еңбекке құлшындыру, олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру;

- ел арасында дарынды ақындарды іздеу, шығармашықтарына қолдау көрсету, шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.

Мүшәйра тақырыбы:
1.Тезек төреге және репрессия құрбаны Құдиярхан Тезековке арнау 
2.(1 өлең – 10-12 шумаққа дейін, поэма  – 50 шумаққа дейін).

Мүшәйраны ұйымдастыру:

Мүшәйра ашық түрде өткізіледі. Өлең-жырлар 2020 жылғы қазан айының 1 мен 30-ы аралығында қабылданады. Ақындар 18-63 жас аралығындағы, Алматы облысында тұратын, қызмет істейтін жандар болуы керек.

Мүшәйраның шарттары:

Байқауға келіп түскен өлеңдер тәуелсіз сарапшылардың талқылауына ұсынылатын болады. Сұрыптаудан өткен өлеңдерге сарапшылар тиісті бағасын беру арқылы жеңімпаздар анықталады.

Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған арнау авторлары шақырылады және өз шығармаларын жатқа оқуларына мүмкіндік болады.

Үздік өлеңдер 2021 жылы шығатын Тезек төре мен Құдияр ханға арналған жинақ кітапқа енгізілетін болады. Шығарманың электронды нұсқасы 14-ші қаріппен және  міндетті түрде фотосурет өткізілуі керек.

Төмендегі почтаға қатысушы мынандай мәлімет жолдауы қажет:

1.Жеке куәлік көшірмесі;
2.Арнау бір данасы; 
3.Қызмет жасайтын мекемесінен жұмыс жасайтыны туралы анықтама (қызметтік тізім);
4.10х15 фотосурет;
5.Арнау авторы өзі туралы толық мәліметті қосымшадағы өтінімде (қосымша 1) көрсетуі керек.

Жүлдегерлерді марапаттау:
Бірінші  жүлде  – 1. Екінші  жүлде  – 1. Үшінші жүлде – 1 Ынталандыру жүлдесі – 5. Қазылар алқасы жүлделі  орынды бермеуге немесе жүлденi екi ақынға бөлiп беруге құқылы.

Ұсыныс пен құжаттарды 2020 жылдың 1 қарашасына дейін  ұйымдастыру комитетіне төменде көрсетілген мекенжайға жолдау қажет:

Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы, Талдықорған қаласы, Ғ.Орманов көшесі, № 61. Байланыс телефондары: 8(7282) 24-41-61; 32-45-28; факс: 24-34-07.

Электронды пошта: aocnt123@mail.ru

Өтінім үлгісі:

Тезек төренің 200 жылдығына және репрессия құрбаны Құдиярхан Тезековтің 150 жылдығына арналған облыстық  жазба ақындар мүшәйрасына ӨТІНІМ

1.Аты-жөні (толық)  _________

2.Қатысушының жұмыс орны ______

3.Тұратын мекенжайы, байланыс телефоны ____

4.Шығармалардың толық атауы, қосымшада шығарма мәтінін тіркеу___
     
6.Мүшәйраға қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері (бар болған жағдайда): ____

(Қатысушының қолы)

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды