Дін қызметкерлері ұлттық спорт ойындарынан бақ сынасты

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 859

Жетісу облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Дінаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты діни бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.

Аталмыш шараны облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар, жиында Жетісу облысының бас имамы Алмас Данағұлов бастаған дін қызметкерлері, мешіт пен шіркеу жетекшілері сөз алып, татулық пен тұрақтылықтың, ізгіліктің жаршысы болған діндер мерекесімен көпшілікті құттықтады.

Ізгі тілектер айтылып, атқарылған жұмыстар сараланған жиын соңында аталған дін қызметкерлері ұлттық спорт ойындарына қатысып, өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, ұлттық ойынымыз асық ату, қол күрестіру және кір көтеру сайыстары бойынша бәсекелесті.

Нәтижесінде асық атудан І орынды «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов иеленді. Қол күресінен  «Жетісу» мешітінің бас имамы Болат Жұмағалиев жеңімпаз деп танылды. Ал, кір тасын көтеру бойынша І орынды «Дінмұхаммед» мешітінің бас имамы Мұқият Нұрсұлтан иеленді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"