"Болмаса Алладан үміт етесіз": Нұрлан имам ең үлкен күнә жайлы айтты

Уақыты: 17.03.2025
Оқылды: 420

Көптің көкейінде жүрген сауалдарға толыққанды жауап беріп, көңілдің кілтін тауып жүрген Нұрлан имам тыңдармандарына тағы бір ізгі өсиет айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Адамды ренжіту мәселесі... бірінші біліңіз: біреуді біреу ренжіту – ең үлкен күнә. Ренжіткен адамыңның тікелей өзінен кешірім сұрауға тырысыңыз. Кешірім үшін барлық амалын салыңыз. Тіпті болмаса Алладан үміт етесіз, – дейді имам.

Сонымен қатар Рамазан айында кешірімді болу керек дейді.

Құлшылықтың дәрежесі мінезбен көтеріледі. Мінез дұрыс болмаса құлшылық пайда бермейді, ал енді ғибадатсыз мінезі жақсы болса ол құтқара алмайды, – деп, адам мен адамның араласуының түп негізі – жақсы мінез – жарасымды құлшылық дейді.

Фото: Zakon.kz