РОЖДЕСТВОЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

Уақыты: 10.01.2019
Оқылды: 1170

Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, облыстағы дін іс-тері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов Талдықорғандағы Иоанн Богослов соборында православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

– Тұрақтылық пен келісім бекем орныққан біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері мен сан тараулы діни сенім иелері тоғысып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Рождество – үндестікті, мейірім мен өзара түсіністікті бейнелейтін ерекше мереке, – деп атап өтті өз сөзінде Ақан Жылқышыбайұлы. 
Артынша құттықтау сөз сөйлеген иеромонах Клавдиан Поляков шіркеуге келушілерді мерекемен құттықтап, арнайы келгендерге өз ризашылығын білдірді.   
Шара соңында облыс әкімінің орынбасары балаларға рождестволық сыйлық таратты. Жеткіншектер көңілі – шат-шадыман.  

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"