АЛАКӨЛДІҢ ӘКІМІ БАЛЫҚ ӨСІРУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Уақыты: 08.12.2021
Оқылды: 1411
Бөлім: ОН САУСАҚ

Бүгінгі күні балық шаруашылығы – аймақ экономикасында өзіндік орны бар ерекше кәсіп түрі. Қазіргі таңда ауданда балық шаруашылығының дамуына Алакөл балық инспекциясы тарапынан ауқымды шаралар атқарылуда.

Осыған орай Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылық бассеиндік инспекциясының басшысы А.Сүюбаев және Балқаш – Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассеиндік инспекциясы басшысының орынбасары Р.Қумашев жұмыс сапарымен Алакөл ауданына келіп, шаруашылық субъектілерімен кездесу өткізді.

Отырыста А.Сүюбаев шаруашылыққа қатысты үш өзекті мәселені ерекше айтып өтті. Ондағы бірінші сұрақ жер мәселесі болса, екінші және үшінші мәселе қаражат пен су бойынша болды. Сонымен қатар, инспекциясы басшысы республикалық су айдындарының ішінде кең көлемді Алакөл, Балқаш, Қапшағай көлдерінің маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы кәсіппен айналысатын қызметкерлердің айлық жалақысына арнайы мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, назарға алынғандығы жөнінде айтылды. Кездесуге келген қатысушылардың тарапынан бірқатар сұрақ қойылып, заңға сәйкес жауаптар берілді.

Жиын соңынан кейін аудан әкімі А.Абдинов нәтижелі жұмыс сапасын көрсетіп отырған аумақтық инспекцияның көлік кілтін инспекция өкілі К.Жұманқұловқа табыстады.

Қасиет АРЫСТАН,

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы