"ДАМУ" ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 31.01.2022
Оқылды: 1677
Бөлім: ОН САУСАҚ

«Multi BRAND COMPANY» ЖШС «Аватария» балалардың ойын-сауық саябағы, аты айтып тұрғандай, балдырғандарға қызмет көрсетеді. Бұл ауқымы кең, коммерциялық ойын-сауық кешені саналады. Онда балалардың алаңсыз ойнап-күлуі, демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Қауіпсіздік шаралары да ерекше назарға алынған. Ойын алаңы әртүрлі жас санатындағы балаларға қызмет көрсетеді.

– «Аватария» бүкіл отбасы үшін есігін айқара ашады. Біз сіздің балаңыздың қиялын баурап алатын таңғажайып ойын-сауықты ғана емес, сонымен қатар, көптеген интерактивті бағдарламаларды ұсынамыз. Барлық ойын әрекеттері психикалық және физикалық дамуды қамтиды. Біздің кәсіби командамыз қауіпсіздікке кепілдік береді, – дейді «Multi BRAND COMPANY» ЖШС директоры Бақытжан Анарбекұлы.

Компания «Сбербанк» АҚ ЕБ-ден инвестициялық мақсатқа жылына 14,75 пайыз несие алды. Жоба «Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша субсидияланды. Қазір кәсіпорын үшін несие мөлшері 6 пайызды құрайды.

«Даму» қоры да кепілдік беріп, жобаға қолдау көрсетті. Компания несие және өз қаражатына Алматыдағы AVATARIYA ойын-сауық саябағының екі жаңа пунктін ашуға арналған жабдық сатып алу арқылы ағымдағы қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айгүл ЫБЫРАЙ

Алматы облысы