БАТАЛОВ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Уақыты: 19.02.2022
Оқылды: 2435
Бөлім: ОН САУСАҚ

Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы болып сайланды.

Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтті. Жиында алдымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа төралқа төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Съезге қатысушылардың 248-і Р.Баталовтың президиумға төраға болуын қолдады, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты. Барлығы 302 адам дауыс берді.

«Шешім қабылданды. Баршаңызды құттықтаймын!. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін одан әрі жетілдіре түсуде бар күшімді саламын. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, өзгерісті бірге енгіземіз. Біріксек болашақта алмайтын асу жоқ. Олай болса жұмысқа кірісейік», - деді Райымбек Баталов.

Бұған дейін Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП-ның басқарма төралқасының міндетін атқарушы еді.

"ҚАЗАҚПАРАТ"