Жастар құрған кәсіпорын 15 жас кондитерге жұмыс орнын ұсынады

Уақыты: 06.06.2023
Оқылды: 2127
Бөлім: ОН САУСАҚ

Қоғамдық тамақтану біртіндеп индустрияландыру жолына көшуде. Кәсіпорындар да заманауи техникалық құралдармен жабдықталуда.

Ұннан қазір небір тағам түрлері жасалады. Дәмді өнімдер сапасымен де ерекшеленеді. Сондықтан болар, халық ұннан жасалған дайын немесе жартылай фабрикатты кондитерлік өнімдерді өз бетінше дайындағаннан гөрі сатып алғанды жөн санайды. 

«PRIMAVERA» ЖК компаниясы түтікшелі печенье өндірумен айналысады. Мұндай печенье Талдықорған қаласындағы кондитерлік цехта дайындалады. 
Бұл кәсіппен жастар шұғылданады. Олар құрған кәсіпорын 15 жас кондитерге жұмыс орнын ұсынады. Өнімдері 6 ай ішінде 3 облыс нарығында сапалы отандық өнім екенін таныта білді. Азық-түлік дүкендері нарығында сатылатын печеньелердің 5 түрі саудалануда. Печеньенің негізгі құндылығы сол – өнім қамырына табиғи қоспалар қолданылады.

Компания субсидиялау және кепілдік беру құралын қолдана отырып «Bereke Bank» АҚ-да 8% кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қолдау алды. Айналым қаражатын толықтыруға несие берілді. Компания «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің қатысушысы екенін де айта кеткен жөн.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы