Даму белестері

Уақыты: 16.03.2018
Оқылды: 1370
Бөлім: ОН САУСАҚ

«Даму» қорының облыстық филиалы өткен жылды табысты аяқтады. Олардың берген мәліметіне жүгінсек, былтыр субсидиялау бойынша 10,8 миллиард теңгеге жетпістен аса келісімшартқа қол қойылып, жалпы республикалық бюджет және Ұлттық қордың нысаналы трансферттері есебінен 2,3 миллиард теңге субсидия төленіпті.

СУБСИДИЯЛАУ құралы бойынша екінші деңгейлі банктер арасында «Халық Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Ресей Сбербанк» ЕБ АҚ ерекше белсенділік танытқан. Өнеркәсіп, сауда, өндіріс және ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ең көп қолдау көрсетілген. 
БАНКТЕР арқылы жеңілдікпен несие беру жұмыстары да сәтті жүргізілген. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында өткен жылдың қыркүйегінде шағын несиелеу бойынша белсенді жұмыс басталған. Осы қысқа мерзімде жалпы сомасы 213,3 миллион теңгеге он сегіз жоба қаржыландырылып, бес жоба бойынша «Даму» қорымен 57,8 миллион теңгеге кепілдіктер бекітіліпті. 
НЕСИЕЛЕРГЕ кепілдік беру тетігін туралы айтатын болсақ,
«Бизнестің жол картасы – 2020 бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» шеңберінде аймақтық филиал алпыс төрт жобаны мақұлдап, кепілдік танытқан. Банктер берген несиелер «Даму» қорының кепілдігімен 2,2 миллиард теңгені құраған. Осы ретте екінші деңгейлі банктер арасында «Халық Банк» АҚ, «Ресей Сбербанк» ЕБ АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ белсенділік танытыпты.
«ДАМУ» қорының қаржылық емес қызметтері де ойдағыдай жүзеге асқан. Өткен он екі айда «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жеті мың адамға қызмет көрсетіліп, олардың ішінде жүз он тоғыз жоба КҚКО кеңесшілерімен банктің мақұлдауына дейін жеткізілген. Бес жүзге жуық адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, төрт жүз жаңа жұмыс орындарын құруда. Бизнес өкілдері «бір терезе» қағидатымен мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау, жеңілдікпен несиелеу, бизнес жүргізу, бизнес-жоспар әзірлеу және жүргізу, бухгалтерлік және салықтық есепке алу мәселелері бойынша көмек алған. 
КОМПАНИЯЛАР басшылары Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Шағын және орта бизнестің топ-менеджменті оқыту» жобасы аясында өз біліктіліктерін арттырып, биыл отыз алты бизнес басшылары оқудан өткен. Он сегіз жасқа толған кез келген адамның өз бизнес-идеясы болса, «Дамуға» оқуға өтінім беруге болады. Өткен жылы «Жаңа бизнесті қолдау және ашу» жобасы шеңберінде КҚКО базасында бизнес негіздеріне тегін және өз бизнес-идеяларын іске асыру үшін жүзге жуық кәсіп бастаған азаматтар өздеріне қажет білім алып, оқытылған. Ал «SturtUp-Академия» жобасына отыз бір адам қатысып, алтауы қаржылай қолдауға ие болған. 
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ бизнесті қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясында КҚКО кеңесшілері құжат жинауға, өтініш беруге, жобаларды сүйемелдеуге банк шешімін алғанға дейін көмек көрсетеді.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ