Мемлекеттік қолдау алды

Уақыты: 07.06.2018
Оқылды: 1107
Бөлім: ОН САУСАҚ

«РОЗА ФАРМ» ЖШС компаниясы мемлекеттік қолдау алды. Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірегей бағдарламасы кәсіпкерлер үшін ең кажет бағдарламаның біріне айналып, қатысушылардың саны өсуде.

Қатысушылардың бірі Қарасай ауданында орналасқан «РОЗА ФАРМ» ЖШС. «Біз «Цеснабанктен» несие алдық. «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша «Даму» қоры банк алдында кепілдікпен көмектесті. Алған несиеге дәрілік заттарды сатып алуды, оларды біздің дәріханалар арқылы сатуды жоспарлаймыз», – дейді аталмыш компания басшысы Екатерина Шаймардановна. «РОЗА ФАРМ» компаниясы осы салада жиырма жылдан астам жұмыс істейді. 
Бүгінгі күні компанияда Қарасай ауданы бойынша бес дәріхана бар. Несие алу кезінде кәсіпкерлер кепілзат бойынша әртүрлі қиындыққа тап болады. Осы кезде оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Яғни, «Даму» қорының 85 пайыздық кепілдігі банкке кепілзат ретінде қойылады. 
Осы күнге дейін облыс бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірегей бағдарламасының кепілдігі бойынша 252 кәсіпкер 4 млрд. теңгеден асатын қолдау алды.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ