Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде Талдықорған қаласы бойынша 75 мыңнан астам нәзік жанды тұрады. Бұл жалпы шаһар тұрғындарының 50 пайызына жуық. Олар ер азаматтармен бірге қаладағы өндіріс, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару, білім, денсаулық тағы басқа да салаларда еңбек етуде. Сондай-ақ, аймақта 50-ге жуық әйел басшылық қызметте. Қазіргі уақытта қалада әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында түрлі бағдарламаларды дайындап, көптеген игілікті іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде өткен жылы 1 200-ге жуық әйел тұрақты жұмысқа орналасса, 300-ден астам ару кәсіптік даярлау курстарынан өтіп, жаңа салаларға жұмысқа барған. Бұдан бөлек «Бастау Бизнес» жобасы аясында тағы 200 қыз-келіншек білімін жетілдіріп, 30 ару қайтарымсыз грант алған. Бұл мүмкіндіктерге ие болу үшін «Ауыл аманаты», «Бастау Бизнес» бағдарламалары жолға қойылған. Мәселен, «Бастау Бизнес» жобасы аясындағы грантқа өтініш беретіндер мынадай 5 шартты толық орындауы тиіс:
Талдықорған қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мади Қайратқалиұлының сөзінше, қазір кезде облыс орталығында 5200-ден астам көпбалалы ана тіркелген. Олардың 82-сі «Батыр ана» атағын алғандар болса, 69-ы І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар. Ал, 46 ана алтын, 81-і күміс алқа иегерлері. Заңға сай әлеуметтік көмек ретінде аймақтағы 1-6 жасқа дейінгі 1364 балаға 1,5 айлық есептік көсеткіш (5898 теңге) мөлшерінде 15,8 млн. теңге қосымша төлем тағайындалған. Жалпы өңірде көпбалалы аналар мен тұрмысында қиыншылығы бар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және кәсіпкерлікті қолдауға түрлі жеңілдектер қарастырылған. Сонымен қатар қалада «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және жастар орталығы жұмыс жасауда. Онда келушілерге еңбек, мәдени, тұрмыстық, медициналық, құқықтық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық бсынды бірқатар арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
– Әлеуметтік көмек көрсету мекемесінде қызмет алушылар үшін 35 әйел, 20 балаға арналған жатын орын, қажетті заттар мен азық-түлікпен толық қамтылған. Мұндағы мақсат зорлық зомбылыққа ұшырағандарды уақытша қауіпсыз жерге оқшаулау. Жастар орталығында «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу» тақырыбында үнемі профилактикалық жұмыстар өткізілді. Осының барлығы әйелер қауымының мүддесін қорғап, олардың алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасау , –дейді жауаптылар.
Айдын КӘЛІМХАН