КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА: АКРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 20.02.2019
Оқылды: 1065
Бөлім: ОН САУСАҚ

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеу жұмысы басталды. Бұл туралы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдері хабарлады.

Аккредиттеуге қажетті құжаттар мен біліктілік талаптарының тізімін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтынан (atameken.kz) және Талдықорған қаласы, 8 ықшамауданы, 2А ғимарат мекенжайынан алуға болады.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығында.

Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: ҚР, индекс: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, 8 ықшамауданы, 2А ғимараты.

Анықтама телефоны: 8 /7282/ 40-12-82, электронды мекенжай: a.abisheva@atamekеn.kz

Толығырақ ақпаратты taldykorgan.atameken.kz сайтының «хабарландырулар» бөлімінен алуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"