КОНКУРС: ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК

Уақыты: 08.10.2019
Оқылды: 1072
Бөлім: ОН САУСАҚ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26. Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26. Электрондық пошта мекенжайы: upiir@industry.gov.kz; Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558.

Конкурс нысанасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына сәйкес "Бизнестің жол қартасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін қоса алғанда) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. 14 қазанынан бастап 2019 ж. 25 қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. 14 қазан, сағат 9.00 (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. 25 қазан, сағат 13.00 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.industry.gov.kz сайтында танысуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды