"НЕСИЕ АЛДЫҚ": ҚАРАТАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫН ДАМЫТУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Уақыты: 10.04.2020
Оқылды: 1265
Бөлім: ОН САУСАҚ

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тұратын Антон Цой 2006 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Шағын вагонды сатып алып, дөңгелек жөндейтін жабдығы бар техникалық қызмет көрсету орнын ашты.

Аталған бизнестен түскен қаражат есебінен Қаратал өзені жағасынан бес мың шаршы метр жер телімін сатып алып, демалыс аймағының құрылысын бастады. Сөйтіп, 2014 жылы демалыс орнын ашты. Кейіннен кәсіпкер демалыс аймағын жаңартып, кеңейтуді көздейді.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша «Forte Bank» акционерлік қоғамынан несие алып, «Даму» қоры бізге банк алдындағы кепілдікпен көмек көрсетті. Біз осы бойынша несие алдық. Сол қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, демалыс аймағын көркейтеміз, – дейді кәсіпкер Антон Цой.

Бүгінгі күні демалыс орнында бес жазғы үй, екі бассейн, сауна, дәмхана және он жазғы алаң мен Қаратал өзені жағасында орналасқан күркелер бар. Несие алған кезде кәсіпкерлер кепілзат бойынша күрделі қиындықтарға тап болады. Осы кезде оларға мемлекет тарапынын көмек көрсетіледі. Яғни, «Даму» қорының 85 пайыздық кепілдігі банкке кепілзат ретінде қойылады.

«Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Сурет ғаламтордан алынды