ТЕКЕЛІДЕ "НҰР СҰЛТАН" ДЕП АТАЛАТЫН МИНИМАРКЕТ АШЫЛДЫ

Уақыты: 22.09.2020
Оқылды: 1054
Бөлім: ОН САУСАҚ

Бүгін Текелі қаласында "Нұр Сұлтан" атты минимаркет есігін айқара ашты. Бұл туралы Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын дүкен иесі - "Ахметзянова В.С" жеке кәсіпкерлігі. Нысанның аумағы 278 шаршы метрді құрайды. Бұрын бұл ғимаратта дәріхана, тұшпара өндіретін және тәттілер шығаратын цех болған.

Дүкеннің құрылыс жұмысы 2019 жылдың қазан айында басталған. Жеке кәсіпкер мұнда 9 миллион теңге инвестиция салған. "Нұр Сұлтан" минимаркеті заманауи талаптарға сай. Мүгедектерге және бесікарбамен жүретін аналарға арнайы пандус қойылған. Сөмке салатын шкаф, сатушы да, сатып алушы да көретін моноблок, принтер-шек, үш сауда залы бар. Жоба аясында 5 адам жұмыспен қамтылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"