САРҚАНДА МҰҚТАЖ ЖАНДАР ҮШІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СӨРЕСІ АШЫЛДЫ

Уақыты: 21.03.2021
Оқылды: 1560

Наурыз – шапағат айы, мейірімділік айы. Осыған орай сарқандық блогер Радмир Хамзиновтың бастамасымен «Арай» сауда орталығында қайырымдылық сөресі қойылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Кез келген тұтынушы қайырымдылық мақсатындағы азық-түлік, киім-кешекті осы қайырымдылық сөресіне қойып кете алады. Күнделікті бұл тауарлар мейірімге мұқтаж отбасыларға табыс етіледі. Сауда орталығының иесі Асқар Чарапиевке алғыс айта отырып, бұл игілікті істің жалғасын табарына нық сенімдіміз.

Жомарт МАҚАТҰЛЫ

Сарқан ауданы

Алматы облысы