ДЕПУТАТТАР МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 09.09.2021
Оқылды: 1173

Республиканың барлық аймағында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» акциясына жетісулық халық қалаулылары да өз қолдауын көрсетіп, көмек қолын созып келеді. 

Алматы облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың аталған акцияға қолдау көрсету бастамасы депутаттар тарапынан жалғасын тауып, облыстық, аудан-қалалық мәслихат депутаттары акцияны үлкен қаладан бастап, шалғайдағы ауылда тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесті. 

Атап айтсақ, өңіріміздегі 219 депутат 25 832 600 теңге қаражатқа 1107 баланы толыққанды мектеп құралдары, аяқкиім және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіп, өз үлестерін қосты.

Жалпы, бұл акция әлі де жалғаса бермек. Өңірде 359 депутат тек науқан аясында ғана емес, өткізіліп жатқан депутаттық қабылдаулар, кездесулер, әлеуметтік желідегі тікелей эфир нәтижесінде меценаттық, қаржылық-материалдық жағынан да көмек көрсетіп келеді. 

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі