Алдыңғы жылы Кишинёв қаласында армрестлингтен ардагерлер арасында Әлемнің 2 дүркін чемпионы, 12 мәрте Азия чемпионы Әбдуәли Тастанов күміс медаль, шәкірті Бүркітбек ел қоржынына алтын медаль салып, қуанышты еселеген болатын.
Әбдуәли Тастанов мықты спортшы және бапкер. Білікті маман шәкірттерінің жаттығуын да бақылап, білгенін үйреуден жалыққан емес. Әлем чемпионы мүмкіндігі шектеулі жан арбасының ескергендігі жайлы ұсыныс тастапты. Ұсыныс мақұлданып, электронды арба беріліпті. Бірақ, электронды арбадан спортшы бас тартқан екен. Себебі, жас спортшы электронды арба жалқаулыққа қадамдар жасалып, жаттығу барысына кедергі келтіретіндігін сөз арасында айтып өтті.
Нәтижесінде «Koksu jastary» филиалы және «Көксу жанашыры» парақшының жүргізушісі Бағлан Ерғалидың ұйымдастыруымен ауданымыздың қайырымды жанның демеушілігімен Әлем чемпионы атанған Мұхамет Бүркітбекке жаңа мүмкіндігі шектеулі жанға арналған арба табысталды.
«Жалпы әлем бойынша 300-ден аса спорт түрі бар. Соның ішінде білектің де жүректің де күшін талап ететін – армрестлинг яғни қолкүрес. Жалпы, ауданымызда қол күрестің дамуына белсенді үлес қосып жүрген Әбдуәли Тастанов. Ол кісінің бірнеше шәкірттері бар. Атап айтсақ, 2024 жылы Молдавиядағы әлем чемпионына қатысып, әлем чемпионы атанған Мұхамет Бүркітбекке ауданымызды қайырымды жанның атынан кішігірім сыйлық ұсынғалы тұрмыз»- деді «Koksu jastary» филиалының жетекшісі Қуаныш Мүслімұлы.
Чемпионның бапкері Әбдуәли Тастанов өз ризашылығын білдіріп, қолдау барысындағы жасалған әрекетке рахметін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі жанға қуаныш сыйлау – бұл қайырымдылықтың және көмек көрсету мәдениетінің көрінісі, сондай-ақ адамгершілік пен жанашырлықтың белгісі. Мұндай іс-шаралар қоғамды біріктіріп, әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды жолы болып табылады.
1991 жылдан бері талай додаларда топ жарып, ауданымыздың атын шетелдерге танытып жүрген өз саласының майталманы. Абдуали ағаның шәкірті Бүркітбек мүмкіндігі шектеулі болса да ауданымыздың атын шығарып жүрген жерлесіміз бұл салаға 2019 жылы қыркүйек айында келеді. Жалпы, 9-сыныпқа дейін үйден білім алған жан өзін шыңдау мақсатында алдына мақсат қояды. Сөйтіп осы спорт салаға келіп, өзіндік болмысын қалыптастырып үлгерген болатын. Жалпы, «ұстаздан шәкір озар» демекші Бүркітбек әліде алар асуы алда сияқты себебі, алдағы уақытта Үндістанда болатын жарысқа дайындық үстінде екен.
Намысты ту еткен отандық жас спортшымыздың жеңісті жолдары жемісті болғай демекпіз.
Ардагүл ӘСКЕРБЕК
Көксу ауданы